Нұрболат Абдуллин «Жыл плагиаты» номинациясын иеленді (видео)

Oinet.kz 04-01-2021 2057

Жақында Ютуб желісіндегі "Қызық LIVE" жобасының жаңажылдық "Қызық премия 2020" бағдарламасы өтіп, биылғы жылды қорытындылады. Биыл "Қызық премия 2020" бағдарламасында "Жыл плагиаты" номинациясын елімізге танымал әнші Нұрболат Абдуллин иеленді, деп xабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Нурболат Абдуллин.png

- Қазақ өнеріне еңбек етіп жүргендер, сіздердің мүбарак жүздеріңізді көргеніме қуаныштымын. Бірінші ән емес қой енді ұрлап жатқан. Негізі бірінші әнді ұрлағанда болған сезім. Бұл әннің тек қайырмасы ғана ғой, қалғаны негізі өзіміздікі. Отандық өнім қалғаны. Тек қайырмасы байқамай ұқсап кеткен. Десе де жобаның аты "Қызық премия" ғой, мен үшін қызық боп тұр. Рақмет жігіттерге, продакшнге және біздің атамыз Серік Ибрагимовке - дейді Нұрболат Абдуллин.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлер саны 17525 бірлікке артпақ
Димаш Құдайбергеннің бала кезіндегі отбасылық суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу