Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлер саны 17525 бірлікке артпақ

Oinet.kz 04-01-2021 986

Аудандық мәслихат депутаттығынан үміткерлер Жаңабек Хамраев, Ұлдана Оразбаева, Нұржан Байжанов, Сайдахмат Мирзаев, Қуаныш Алтынбеков және Абдирасул Ахметов «Белла мебель» ЖШС-нің қызметкерлерімен экспромт кездесу өткізді. Мақсат - алдағы өтетін саяси науқанда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақыру, партияның бағдарламасын халық алдында түсіндіру, жаңадан жасалған жоспарлы жұмыстар туралы тұрғындармен бөлісу.

image.png

Кездесу барысында үміткерлер «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты бағдарламасындағы басым бағыттарды айтып, ел-халыққа үгіт жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардан түскен талап-тілектерге түсініктемелер берді.

- Шағын және орта бизнесті дамыту – өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша, аудандағы кәсіпкерлік көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалды, ауданның жалпы өңірлік өніміне шағын және орта бизнестің үлесі артты. Алайда, COVID-19 таралуы және оның салдары бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Экономиканың бөлшек және көтерме сауда, көлік және сақтау, жылжымайтын мүлік, қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтану сияқты секторлары ең көп зардап шекті.

Төтенше жағдай кезінде аудан аумағында көптеген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер өзінің қызметін тоқтатты. Партия зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін ғана емес, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін жағдай жасайтын болады.

image.png

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

- «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен жыл сайын 11 кәсіпкерге қолдау көрсетуге, оның ішінде 6 жобаны субсидиялауға, 5-ін кепілдендіруге, 1-ін инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге және 2 азаматқа грант ұсынуға;

- «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен жұмыссыз және өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға жыл сайын 150 стартап гранттар мен 120 несие алуына жағдай жасауға;

- мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Бастау-Бизнес» курсымен жыл сайын 200-ден аса азаматтарды өз кәсібін ашуға оқытуға;

- «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен жыл сайын 13 жаңа жобаларды несиелендіруге;

- қаржыландыру орталықтары арқылы жыл сайын 245-тен аса жобаны іске асыруға ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға дейін белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің үлесін 95,5%-ға, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлер саны 17525 бірлікке, жұмыспен қамтылатын жұмыскерлер саны 29,0 мыңға жетеді.

Nur Otan партиясы Сайрам аудандық филиалының Сайлау қоры қаражатынан төленді

Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш «Жыл жұбы» номинациясын иеленді (фото, видео)
Нұрболат Абдуллин «Жыл плагиаты» номинациясын иеленді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу