«Nur Otan»-ға ең аз дауысты қай өңір берді?

Oinet.kz 14-01-2021 1082

Өткен жексенбіде өткен Мәжіліс сайлауында «Nur Otan» партиясы 71,09 пайыз дауыс алды. 

Нұр Отан партиясы.jpg

«Құрметті достар! Орталық сайлау комиссиясы парламенттік сайлаудың қорытынды нәтижесін жариялады. «Nur Otan» партиясы 71,09% дауыс жинады. Барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында да біз айқын жеңіске жеттік,-деп жазды әлдеуметітк желідегі парақшасына партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Билік партиясы ең көп дауысты Жамбыл облысынан алды. Жамбылда «Nur Otan»-ға  жалпы сайлаушылардың  79,54 пайызы дауыс берген. Екінші орында Қостанай облысы-78,47 пайызбен, үшінші орында-Ақмола облысы-76,49 пайызбен тұр. 

Ал ең аз дауысты Алматы қаласынан алды. Алматының осы сайлауда бәсеңдік көрсетіп, жалпы сайлаушылардың 30 пайызы ғана дауыс бергені белгілі. «Nur Otan» Алматыдан -55, 54 пайыз алды. Ал Бұл көрсеткіш Нұр-Сұлтанда-59,23, Шымкентте-67,50, Түркістан облысында-74,43 пайыз болды. 

Сарапшылардың айтуынша, «Nur Otan» осы жолы өткен сайлаулармен салыстырғанда  ең төмен дауыс алды. Ол 2007 жылғы сайлауда - 88,41 пайыз, 2012 жылы - 80,99 пайыз, 2016 жылғы додада 82,15 пайыз алған еді. 

«Борсықты ұрған сайын семіреді». «Семіріп» депутат болғандар кімдер?
Оңтүстіктің депутаттық командасы өңшең жігіттерден құрылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу