Жанар Айжанованың күйеубаласы 100 млн. теңгеге Ролс-Ройс сатып алды

Oinet.kz 16-01-2021

Танымал әнші Жанар Айжанованың қызын алған клипмейкер Қыран Талапбек қымбат көлік сатып алды. Ағылшындық Rolls-Royse брендінің құны 100 млн. теңгенің ар жақ-бер жағы деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Қыран Талапбек.jpg

Қыран Талапбек бар жиған-тергенін төгіп, ағылшындық көлікті Гүлжан Қарағұсованың күйеубаласы Бейбіт Әлібековтен сатып алған. Дегенмен 80 млн теңгедей жинап, қалған 20 млн. теңгесін таныс кәсіпкерден қарызға алған. Қарызын 2 айда жабамын деп уәде берген.

- Осы көлікті алғым келді. Өзімде сондай мақсат болды. Бұл машинаны ағылшындар асхан махаббатпен жасаған. Әр деталіне мән беріп қараған. Мен де өз видеоларымды солай жасаймын. Сондықтан бұл көлік менің философияма сай келеді екен. Ролс-Ройстың зонтигінің бағасы Hyuindai Accent көлігімен бірдей тұрады, - деді Қыран Талапбек.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Кыран Талапбек (@kyran_talapbek)

Гүлнұр Оразымбетованың отбасымен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Нұрлан Өнербаев Мейрамбек Беспаевқа жылы лебізін білдірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×