Алтынай Жорабаева Тоқаевқа маңызды үндеу жасады (видео)

Oinet.kz 10-03-2021 6862

Белгілі әнші Алтынай Жорабаева мейрам күні Алматы қаласында арнайы ұйымдастырылған әйелдер шеруіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Тоқаев пен Алтынай.jpg

- Осыларды қолдап, шеруге шығуға рұқсат бергеніңіздің мақсаты не, Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев мырза?! Әлде, Қазақстанның, ұлттың болашағы сіз үшін бәрібір ме?!

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Мемлекетіміздің болашағының балта шабылуына қалай жол бересіз?! Біздің ұлттық құндылығымыз қайда қалды? Бұл ЛБГТ, ЛБК(Т) белсенділерін осылай еркінсініп, тайраңдатып қоясыз ба?

Бұлар Феминизм деген атты жамылып, сұрқия тірлікпен айналысып жүргендер. Мерекеде өткен митингінің мақсаты мынау. Әйел құқығы деп,астарындағы құйтырқыны көрдіңіздер ғой. Бұларды қолдаған кімдер? Әлде әркімнен қолдау көрді ме? - деп жазды Алтынай Жорабаева.

Әншінің бұл пікірін қолдаушылар қатары да көп болып шықты. 

- "Осылардың қолын бұрап неге алып кетпейді екен? Мемлекетіміздің сиқы осыдан көрініс тауып тұр ғой, бейбіт митингі дегендері осы болды ғой, енді 7 майда жігіттер шығып жүрмесін", "Әншейінді митингі ге шыққан апа аталарымыз сүйрейтін милиция қайда қарап жүр, заң бұзушылық деп осыны айтады", "Қазақтың әйелдері күннен күнге азып бара жатыр осылардың қыздары қандай келін болады Алла Тағала сақтай ғөр өзің", "Бұларды құрту керек", "Ұят. Әкім мырза , кімдерге рұқсат беріңіздер. Ел басы қайда қарап отыр . Президентымыз елімізде мынандай сорақылыққа жол беріп отырсыздар ма ? Оларда тағын жан жағын охранять еткізіп . Ермахан мырза , қыздарды қамшылайтын мырза , Көк Туды атпен алып жүрген Азаматтарымыз қайда ? Неге бұларды тайрандатып қойдыңыздар?" - деп жазды желі қолданушылары.

Еске сала кетейік 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі күні Алматы қаласында жыл сайынғы арнайы ұйымдастырылатын әйелдер шеруі өткен болатын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)

«Бес баланы сыртынан қамап кету деген...» - белгілі әнші Ибраимовты қолдады (видео)
«Қазақта екінші, үшінші әйел болуға дайын қыздар көп» - Досымжан Таңатаров (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу