«Қазақта екінші, үшінші әйел болуға дайын қыздар көп» - Досымжан Таңатаров (видео)

Oinet.kz 10-03-2021 1782

Белгілі әнші Досымжан Таңатаров қазақ қыздарының арасында тоқал болуға дайын қыздар жетерлік деп кесіп айтты. Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасында баяндады. 

Досымжан.jpg

- Біздің қазақта екінші, үшінші әйел боп тиюге дайын қыздар көп. Өте көп. Оған психологиялық тұрғыдан біздің қыздар қазір дайын. Көбі дайын. Жақында біздің жолдас жігітіміз ұжымның ортасына түсіп қалдым дейді. 30-40 әйелдің ортасына түсіп қалдық дейді. Негізі барлығы күйеусіз екен дейді. Уақыты өтіп кеткен. Сонда әріптесіміз сөйлесіп қалды дейді. Сонда отырған 30-40 қыздың күйеуге тигені бар, тиіп келгені бар, жасы жетпегені бар, жеткені бар. Жақсы сырласып қалған уақытымызда неғып жүрсіздер деп маған айтты дейді. Біз неге бұлай жүрміз? Қайда біздің еркектер? Біздің қыздар аламын десе қайсысы болса да дайын тұр деп айтыпты. Біз екеуміз отырып қыздардың сыртынан тон пішкеніміз дұрыс емес шығар. Жалпы қоғамды, мемлекетімізді, дінді, елді ойлаған қыз да, ұл да оған аса қарсы болмауы керек - дейді Досымжан Таңатаров. 

Алтынай Жорабаева Тоқаевқа маңызды үндеу жасады (видео)
Жанар Айжанова Бекболат Тілеухан екеуін байланыстыратын құпия туралы айтты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу