«Көзімнен жас домалай берді» - Гүлзира Айдарбекова (видео)

Oinet.kz 12-03-2021 1452

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың алғаш рет  жеке концерт берген сәтін есіне алды. Сол кездері оның белгілі әнші болатынына сенімсіздік танытқандар көп болғандығын жеткізді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Гүлзира Айдарбекова.jpg

- Менің шындыққа айналған қиялым! Бір кездері, “Осы баласы әнші болып, бір звезда болатындай” деген мысқыл әңгімелерді естігенімде, түнімен ұйықтамадым. Жан- жағыма мән беріп қарасам таң сәр беріп атыпты. Үнсіз жатырмын бірақ көзімнен жас домалай берген, қиялдап жатып жастығым әбден суланып кетіпті. Көз алдымда үлкен стадион, жарқ-жұрқ еткен әдемі жанған шамдар, балам болса сахнада, өзінің ғана жеке ән-кешінде ән салып тұр, үстіндегі киімі жарқыраған тастармен көмкерілген, ал халық тола, ине шаншар жер жоқ. Міне тура осы көріністер... - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Продюсердің жазбасын оқыған көпшілік Қайратты үнемі қолдайтындарын айтып, жылы лебіздерін білдіруде.

- "Гүлзира ханым бұл Алланың сіздің ниетіңізге қалауыңызға қарай берген бағы деп ойлаймын,Алла ұзағынан қылсын! Еліміздің жарық жұлдызы боп жарқырай беріңіздер! Ұрпақтарыңызбен мың жасаңыздар!", "Менің де қияалым орындалсын", "Ананың тілегі мен еңбегі!!! Баланың таланты мен сол жолмен жүре білгені. Сәттілік!", "Шынын айту керек әндерін тыңдаймыз. Себебі, әйтеуір бір өзгешелік бар, тартымдылық бар әндерінде", "Керемет орындау. Қайрат қарапайым, халқының сүйікті әншісі. Қанаты талмасын. Сізге Алла күш қуат берсін", "Бағыңыз баянды Ғұмырыңыз ұзақ болсын", "Сіздей анасы бар перзенттің бағы бес елі екенін бүкіл Қазақстан біледі", "Керемет Гулзира апай! Алланын қолдауымен тынымсыз еңбектеніп, барлық жетістіктерге жетіп келесіздер! Аман болыңыздар!" - деп жады желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Димаш Қазақстанның денсаулық саласына 500 мың доллар сыйға тартты
Асқар Мамин Президентке есеп берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу