Қайрат Нұртас даулы оқиғадан кейін айыппұл төлейтін болды

Oinet.kz 26-03-2021 3476

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті той үстінде ұсталған Қайрат Нұртасқа қатысты қандай жаза қолданылатынын айтты. Бұған дейін әншінің оңтүстік астанада заңсыз түрде тойға барғаны белгілі болды.Кайрат Нұртас.jpg

Әнші тап болған оқиғаға қатысты департамент басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабұлов пікір білдірді.

- Мониторингтік топтар жүргізген рейд барысында Алматыда көңіл көтеретін жерлердің бірінде 80-нен астам адамға мерекелік шара ұйымдастырылғаны анықталды. Тойға келгендер арасында Қайрат Нұртас болды. Әнші өзге той қонақтарымен бірге әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасын толтыру үшін полиция басқармасына жеткізілді. Олардың барлығы 30 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді, - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz)

Алтынай Жорабаева Тоқаевқа маңызды үндеу жасады (видео)
«Спектакль қашан бітеді екен» - Алтынай еліміздегі карантин туралы айтты (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу