Әнші Айқын байқамай сөйлеп, халықтың сынына қалды (видео)

Oinet.kz 02-04-2021 1899

Белгілі әнші Айқын Төлепберген әлеуметтік желіде сынға ұшырады. Әртіс қарлы ауа райы қала әкімдігі секілді көпшілікті үйде отыруға шақыратынын айтып қалжыңдады. Алайда, өнер иесінің сөйлеу мәдениеті желі қолданушыларына жақпай қалды. Олар эстрада жұлдызының бейәдеп сөздерді қолданып сөйлегеніне шүйлікті.

Айқын Төлепберген.jpg

Айқын Төлепберген Instagram желісі арқылы өз оқырмандарына видео жолдады. Онда көлікте ішіндегі өнер иесінің Алматы ауа райын сөз етіп отырғанын көруге болады. 

- Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласының ауа райымен келісіп алған сияқты. Қысқасы, бір жеріңді қысып, үйіңде отыр. Далада жаңбыр мен қар аралас быт-шыт болып жатыр, - деді әнші.

Видео астына ол "карантиннен шаршадық" деген жазба алдырған. Желі қолданушылары оның сөйлеу мәнеріне қарап түрліше пікірлерін білдіруде. 

- "Айқын, халық баласы көтен деп сөйлемейді. Приличие соблюдай. Интелегенция қаласынан шықтың ғой", "Дұрыстап сөйлесеш, не дегенмен әнші деген атың бар ғой", "Ауа райына жалоб жасама брат. Алланың қалауы. Ал карантинен бәріміз шаршадық", "Карантинге рахмет,үйде отырып көп нарсенің қадірін түсіндік. Үйде отырып табыс табуды үйрендім. Маған карантин еш қалтама әсер етіп жатқан жоқ", "Ойнап сөйлесеңде, ойлап сөйле, депті атам қазақ, Әндеріңізге мың алғыс! Қостанайдан" - деп жазды желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aikyn Tolepbergen (@aikyn)

Алтынай Жорабаева күйеуін туған күнімен ерекше құттықтады (видео)
Мақпал Жүнісова мен қызының әсерлі видеосы көпшілікті тәнті етті (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу