Қарақат Әбілдина Жұлдыз Абдукаримоваға ерекше жазба арнады (фото)

Oinet.kz 15-04-2021 1763

Белгілі әнші Қарақат Әбілдина Жұлдыз Абдукаримованы туған күнімен ерекше тілек арнап, құттықтады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Қарақат пен Жұлдыз.jpg

- Өнерде және өмірде ізімнен еріп келе жатқан ақылды- парасатты, ұстамды да сүйкімді сіңлілерім көп-ақ. Солардың бірі де бірегейі - Жұлдызды бүгінгі туған күнімен құттықтаймын! Өмірге келген күнің құтты болсын @zhuldyzabdukarimovaofficial. Өзіңді сондай саналы, салиқалы, сабырлы деп таныдым. Етене жақын болмағанмен, мен сенің өте мықты, ақылды әйел екеніңді әрқашан сезіп, білемін. Себебі, сен жүрген жолдар маған бейтаныс емес. Ол жолдармен мен де жүріп өттім. Демек, өнер адамына жар болудың қызығы мен шыжығын, қиыны мен қисынын бір адамдай түсінем.

Жан жолдасың жаныңнан табылғанын қалағанда бола алмауы, керек кезде келе алмауы, өнер жолында отбасынан жырақтап, оны күту, жолын тосу... Бәрі де нәзік жанды әйел баласының бір басына оңай емес. Өнер адамдары, өнердегі адамның жары - біздер, әрқашанда сыртқа жүнді қампайтып көрсеткенмен, ішкі сырымызды жасырып қалып жатамыз. Талап солай ма, солай болуы керек пе мүмкін. Десе де сенің аяқ алысың мен сөз саптауыңды жазған посттарыңнан, айтқан ойларыңнан-ақ аңғарып, өте тәрбиелі, өнегелі, парасатты екеніңді бағамдаймын. Қазіргі күніңе өзіңнің ақылың мен мықтылығың, сабырың, күшіңмен келдің. Қайраттай халық сүйген ұлдың асыл жары, асықтай ұл мен қыздардың анасы, өзің иненің көзінен өткендей сұлу Жұлдыз, сен - жеңімпазсың!

Әрқашан осы биігіңде қал! Шаршама! Талма! Биікке самға! Туған күнің құтты болсын! Ата-анаң мен ұл- қыздарың, туған-туыс бауырларың, балаларыңның әкесі аман болсын! Бақытты бол әрқашан! Шын бақытқа лайықтысың! Туған күніңмен қазақтың жұлдызының Жұлдызы - деп жазды Қарақат Әбілдина. 

Қарақат Әбілдинаның жүрекжарды жазбасын оқыған көпшілік жылы лебіздерін білдіріп жатыр. 

- "Қандай керемет, Бұлбұлды бұлбұл, дүлдүлді дүлдүл таныр деген осы-ау", "Керемет көрегендік сөз бір сөзбен қанша дүниені айтып өттіңіз", "Қарақат ханымнан осындай сөз есту оның өзі бір бақыт", "Өте әсерлі,керемет сипаттадыңыз, Жұлдыз шынында жаны да тәні де сұлу ханым", "Қандай әдемі шыққан керемет ақ тілек. Қазақ қыздары сұлусыздар", "Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын Карақат керемет айттың бір бірімізді бағалап тілеулес бола білуіміз керек. Қазақтың керемет аналары", "Өте керемет халықтың ойын жеткіздіңіз ел халық біледі Жұлдызды. Ризамын сізге" - деп жазды желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

Төреғали Төреәлі мен Қайрат Нұртастың мамасының видеосы желіні жарды (видео)
«Өтірік айтқан жерлері бар» - Есен Елеукен Тұрсынбек туралы шындықты айтты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу