Қыдырәлі мен Қарақаттың отбасылық суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото, видео)

Oinet.kz 17-05-2021 1484

Танымал шоу-бизнес өкілдері Қыдырәлі мен Қарақаттың отбасылық суреті көпшілікті тәнті етті. Бұл сурет Қарақат Әбілдинаның Instagram парақшасында жарияланды.

Қыдырәлі мен Қарақат ОТБАСЫ.jpg

- Күні кеше Аяланың туған күнімен қатар Халықаралық Отбасы күні еді! Адам үшін өз отбасы ең жақын, сенімді, қауіпсіз орта. - [Солай болуы керек]

Бала отбасында алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, өмірге бейімделеді. Сондай-ақ әр отбасыда өзіне тән ұстанымдары, дәстүрлері болады. Сол сияқты біздің жанұяда да жылдар бойы жалғасып келе жатқан үрдіс - балалар әр туған күн сайын бір-біріне ақжарма тілектерін жазады. Туған күн келді дегеннен әрбірі қолына қағаз-қаламын алып, бұрыш-бұрышқа тығылып, ойланып-толғанып тілек жазуға кіріседі. Өткен жылы жазғанын қайталамауға, алдыңғы туған күндерге айтылмағанды айтуға тырысады. Оны туған күн иесіне мәнерлеп оқып береді. Бәріміз зер сала тыңдап, қошемет-алғыс білдіреміз. Себебі ең құнды сыйлық - бауырыңның шын жүректен тілеген ақ тілегі екенін ұғынып өссе дейміз. Және ол хаттарды сақтап қоямыз☺️ Өсіп қалғандары кішірек кезіндегі жазғанына қарап күледі. Ал біз - ата-ана үшін бұл үлкен қуаныш, бақыт!

Бұл да болса бауырлардың арасындағы мейірім-махаббатты нығайтудың бір тәсілі

Қыдырәлі мен Қарақат Түркияның адамдарын жер-көкке сыйдырмай мақтады (видео)
Танымал әзілкеш Қайрат Әділгерейдің видеосы желіні жарды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу