Айнұр Тұрсынбаева марқұм Оразәлі Досбосыновтың ұлына көлік сыйлады (видео)

Oinet.kz 03-08-2021 5191

Айтыскер, ақын Айнұр Тұрсынбаева айтыстың дүлділі болған марқұм әріптесі Оразалы Досбосынұлының баласына көлік сыйлады. Айтыскер су жаңа БМВ көлігінің кілтін ұстатты.

Оразәлі.jpg

- “Айтыстың оғланы Оразалы досымыздың ұлы, тұлпардың тұяғы, сұңқардың қияғы, асылдың сынағы Нұрсұлтан інімізге Айнұр досым су жаңа БМВ көлігін сыйға тартты. Оразалының астына ат мінгізгеннен артық қуанып отырмын! Көзіме ыстық жас келіп, көңілім босап қалды. Алла разы болсын, Айнұр! Айтыстың аққуы, Алаштың ақ туы! Әкеден де, анадан да ерте қалған Нұрсұлтан мен Нұрайшаның басынан сипаған, қолын қақпаған, жомарт пейіліңе, достығыңа, мәрттігіңе ризамыз! Еркекпіз деп жүрген бізден артық іс жасап, қыз да болсаң ел жүгін арқалап жүрсің. Алла тілеуіңді берсін! Айдана мен Бекланның алдынан шықсын әр жақсылығың, әр ізгі амалың! Ал ағайын! Түрлі пікір жазбаңыздар, қуаныңыздар. Жақсылық жасау үшін бай болу міндетті емес, мейірімді болу жеткілікті!”, – деп жазды Балғынбек Имаш.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қазақстан жұлдыздары (@qaz.stars)

«Өмірлік сабақ болды маған» - Қарақат Әбілдина (фото)
Қыдырәлі мен Қарақаттың Египетте түскен суреттері көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу