Қарақат пен Қыдырәлінің отбасылық суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)

Oinet.kz 03-09-2021 9894

Жұлдызды жұп Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның отбасылық суреті көпшілікті тәнті етті. Бұл сурет әншінің Instagram парақшасында жарияланды.

Қарақаттың отбасы.jpg

- Ал көрімдіктеріңізді атай беріңіздер, ағайын !

Әкесінің тілегі

Анасының жүрегі

Аяланың қасына ерген сіңлісі,

Ағаларының еркесі

Отбасымыздың мерекесі, берекесі Айзада қызымыз

1 жасқа толды. Қызым! Жүрегімді жарып шыққан қызыл гүлім. Анаңның ақ тілегі бір сәт те толастаған емес. Маңдайы жарқыраған бақытты қыз бол, жарығым. Ал қымбатты оқырмандарым,қызымыз осы. Алғашқы жасына халықтың ақ батасын, ақжарма тілегін алғымыз келіп отыр! Кімге ұқсайды екен?! - деп жазды әнші.

Жұлдызды жұптың отбасылық суретін көрген көпшілік жылы лебіздерін білдіріп, бақыт тілеуде.

- "Ии, жүрек. Тәтті балақай , Айзадаша. Құтты болсын жасың ботақан! Болашағың жарқын болсын!", "Ал, бауырларым @karakat_a @kydyrali_bolman жас құтты болсын! Айдай сұлу айзадаға әлемнің бар жақсылығын тілеймін! Ақ келін айыпқа бұйырма бәрінің түрі бірдей Қыдырәлі болып тұр", "Үлкен ағасының копиясы", "Сіздің өзіңізге ұқсайды. Алла ғұмырлы етсін", "Алғашқы құтты жасы кутты болсын. Саған ұқсайды. Аяла әкесіне ұқсайды", "Қара қыз-ау, аман болсын. Жасы ұзақ болсын! Апайына ұқсайды", "Папасының аузынан түскендей! Жасы ұзақ болсын" - деп жазды олар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

«Екі кештің арасында жылап алдым» - Қарақат Әбілдина (фото)
Жазира Байырбекованың ерекше биі желіні жарды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу