Мөлдір Әуелбекова: «Басымнан өткенді дұшпаныма да тілемеймін»

Oinet.kz 15-11-2021 1117

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты түрлі сөз айтып, көңіліне қаяу түсірген жандарға жауап берді. Instagram желісінде ол басынан өткені туралы сөз етті.

Мөлдір.png

Мөлдір Әуелбекованың жеке өмірі өткен аптада ел аузынан түскен жоқ. Ол өзінің желідегі парақшасында қазіргі таңда жалғыз екенін және екінші жолдасымен бірге емес екенін жеткізген болатын. Оның бұл мәлімдемесіне жанкүйерлері алаңдап, оған түрлі пікірлерін жаудырып, сұрақтың астына алуда. Әнші желіде кезекті рет басынан өткені туралы айтып, жұртты алаңдатып қойды. Айтуынша, ол қиын жағдайды басынан өткерген.

- Айтайын дегенім, кейбіреулерің жеке өмірім туралы сыртымнан тон пішпеңдер! Басымнан өткенді дұшпаныма да тілемеймін, - деп жазды ол.

Соған қарамастан өнер иесі халықтың қолдауының арқасында бұл қиындықты өткеретініне сенетінін жеткізді.

- Шынайы жанашыр халқым барда, сағым сынбасы анық. Алла ұлық. Бәрін реттейді. Тек сабыр, - деп жазды ол.

20-дан аса тарелка сындырған танымал журналист сынға ұшырады (видео)
Шымкентте күйеу баласыз ұзату той өтті (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу