Шымкентте күйеу баласыз ұзату той өтті (видео)

Oinet.kz 15-11-2021 1954

Шымкентте күні кеше ерекше ұзату тойы өтті. Күйеу жігіт құжаттарының мәселесі шешілмей, шетелден елге келе алмай қалғандықтан, ұзату тойға қалыңдықтың жалғыз өзі қатысқан. Бұл туралы бойжеткенді ұзатқан қазақ ақыны Сара Тоқтамысова өзінің Instagram желісіндегі парақшасында айтты. 

image.png

Сара Тоқтамысқызының айтуынша, күйеу жігіт виза құжаттарының проблемасы салдарынан қалыңдығының ұзату тойына қатыса алмаған. 

- "Бұл бір бөлек ұзату той. Неге дейсіз ғой? Күйеу баласыз той. Бұл Бірғаным дейтін сұлу қыз. Күйеу баламен Америкада оқып жүргенде танысады. Мейрас деген Ыстының баласы. Күйеу бала Америкадан визасының әлегі шешілмей, жете алмай қалады. Бірғаным атына сай бір аяулы қыз екен. Бір жағы менің Шымкентте танысқаным визажисім - Раномның сіңілісі. Той басталарда, алып шығарда көзі мөлдіреп қобалжып тұр екен. Шығып келе жатып, "жаныңдамын" дегендей қолынан ұстап қысып-қысып қойдым. Маған қарап қояды. Керемет әдемі басталған жоқ па? Қараңыздаршы", - деп жазды ол. 

Желі қолданушылары аталған жайтқа қатысты пікір білдіріп, жастарға бақыт тілеуде. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сара Тоқтамысова. (@sarkanai)

Мөлдір Әуелбекова: «Басымнан өткенді дұшпаныма да тілемеймін»
Танымал әзілкештің жары Стамбулда егіз босанды (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу