"Әжеміз біздің қазақша сөйлегенімізден ыңғайсызданатын": Жазира Байырбекова

Oinet.kz 28-06-2022 927

Отандық "қазақ тілді" әншілердің бірі Жазира Байырбекова бала кезінде орысша сөйлемегендіктен нағашы әжесін ұятқа қалырды деп жазады Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

"Менің анам да Алматы қаласында туып өскен орыс тілді қыз болған. Әкеме тұрмысқа шығып, ауылда қалып, таза қазақ тілді ана болды. Бала күнімізде Алматыға нағашы әжемнің үйіне қыдырып келгенде әжем біздің қазақша сөйлегенімізге көршілерінен, автобустағы халықтан ыңғайсызданып, бізге орысша үйретіп әуреленетін. Аллаға шүкір! Ол кезге қарағанда қазір ана тілімізге деген құрмет бар", - дейді өнер иесі.

Әншінің пікірінше, әлі де күллі қазақтың ана тілінде сөйлемеуіне "халықтың өзі емес, үкімет кінәлі". 

"Динара Сатжан кеш жүргізгені үшін 1,5 миллион теңге алды": Қарағанды
"Ешқашан сырт келбетіме тиіспеймін деуші едім": Баян Алагөзова
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу