«10 ала сөмке дайын»: Ерке Есмахан көйлектерін сататынын айтты

Oinet.kz 16-11-2023 2063

Әнші Ерке Есмахан гардеробын жаңартып, сахналық киімдерін сатуға шығарды. Өзінің айтуынша, ішінде киілмеген көйлектер де бар, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_8.jpg

Алайда әнші киімдерін қимайтынын да жасырмады.

“Жаңадан киім шкафын жасатып едім. Кішкентай болып қалды. Киімдерімнің жартысы ғана сыйды. Қалған көйлектерімді сатуға шығардым. Тастайтын киімдерім де бар. Алла кешірсін, ысырап болып жатыр. Сөмкелерім де өте көп. Екі көмекшім жинап үлгере алмады. 10 сөмке киім дайындап қойдым. Жүктілігіме байланысты салмақ қосқан едім, сол үшін де біраз киімдерім сыймай қалды. Бұрын сіңлілеріме беретін едім, қазір олар да кимейді. Тегін дүниенің қадірі болмайды дегендей өте арзан бағаға сатуға шығарамын. Ескі киімдер емес. Бір рет қана киілген арасында мүлдем киілмеген көйлектер де бар. Қимастық сезім болып тұр ішімде. Әр көйлекке қарап, қаншама той, концерт, кештер есіме түсті. Өте қымбат киімдер киетінімді білесіздер”, – деді Ерке. 

Әншінің оқырмандары жарыса жазып жатыр. Алайда әнші оқып үлгермейтінін айтты.

“Маған жазғаннан түк пайда жоқ. Көмекшілерім 1-2 күнде нақты хабарын айтады. Арнайы киімдерімді сататын сатушы жалдадық. Сол келіп бәрін алып кетеді, парақшасына салғанда хабарлаймын”, – деп оқырмандарын сабырға шақырды. 

«Қомақты ақша ұрлады»: Ерке Есмахан сотқа арыз жазбақ
«Екі күннен кейін айырылып қалдық»: Айжұлдыз Адайбекова ерекше түс көргенін айтты«Екі күннен кейін а
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу