«Қомақты ақша ұрлады»: Ерке Есмахан сотқа арыз жазбақ

Oinet.kz 13-11-2023 4192

Белгілі әнші Ерке Есмахан қомақты қаржысының ұрланғанын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

Жаңа жыл қарсаңында дүниеге сәби әкелетін әнші сотқа арыз жазуды ойлап жүр. Бұл туралы оқырмандарына сұрақ-жауап бөлімінде айтты. 

“Жолдасым екеуміз бір мәселені өзара жылы жапқымыз келген. Бірақ сотқа жүгінуге тура келіп тұр. Біздің таза еңбегіміздің ақшасын қалтасына басып алып, түк болмағандай намыссыз жүр бір еркексымақ. Ұрлық түбі – қорлық” дегендей осы істі аяғына дейін жеткізу керек болып тұр. Басқа амал жоқ. Қомақты сумманы бізден ұрлағанын адвокатқа мойындағанымен, ақшаны орнына қоймай жүр. Енді қылмыстық іс қозғап, заңмен қудалайтын боламыз. Егер оңынан шешілмесе, бәрін айтып беремін”, – деп бір сырдың шетін шығарды әнші. 

Сондай-ақ әншіге ауыр сөз айтып, пікір жазған оқырмандарды да жазалайтынын ескертті.

“Маған неше түрлі сөз жазатын апалармен мәселені шештім. Апалар өз қателіктерін түсініп, кешірім сұрады. Басқаларға сабақ болды. Табиғатымнан кек сақтамаймын. Әркім қателіктен сабақ алуы керек. Бәрі жақсы”, – дейді әнші. 

Screenshot_4.jpg

Одан кейін желі қолданушылары Еркенің күйеуі Райымның бес уақыт намаз оқитынын алға тартып, қашан намаз оқитынын сұрады. “Менің мақсатым – жолдасымның разылығын алу. Ал бес парызым үшін уайымдамаңыз”, – деп жауап берді.

Ерке мен Райым отау құрғалы жас айырмашылығы да сөз болатыны жасырын емес.

“Жас кіші жігітке күйеуге шықты дегендерге не дейсіз?” деген сауалға: “Дүниежүзі мен елімізде жанұяларға қатысты қандай жауыздық болып жатқанын біліп отырсыздар. Еркектің қолынан қаншама ана мен бала жапа шегіп жатыр. Бақытты болу немесе – шаңырақтың шайқалуы – жас айырмашылыққа қарамайтынын қалай түсінбейсіздер. Ер адамның әйелді аялауы тәрбие мен иманына байланысты. Ал, сіздер, айналып кеп әлі жасты айтасыздар. Ақыл жаста емес – баста”, – деді әнші. 

«Жатырымды жалға беріп, 3,5 миллион теңге таптым»: Суррогат ана болған келіншек шынын айтты
«10 ала сөмке дайын»: Ерке Есмахан көйлектерін сататынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу