«Бірнеше рет заң бұзған адамды ақтау – жабайылық»: Бесбаев әріптесі Қайратты қолдап, сынға қалды

Oinet.kz 09-07-2024 531

Ұшақта бейәдеп сөз айтып, 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртасқа эстрада әншісі Мейрамбек Бесбаев қолдау білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

Өнер иесі қамауға алынған әріптес інісіне ағалық ақылын айтып, достық туралы сыр шертті. 

“Кейде есігіңнен күліп кіріп, текеметіңді тіліп кететіндер болады. Адам аласы ішінде ғой. Досым деп жүріп домалақ арыз жазып, құны қымбат достықты қастыққа айырбастай салатын хайуандар көбейді. Қайрат інім, Құдай жаныңа қуат берсін. Бұлттың артынан күн шығатыны секілді, әр жамандықтың артынан үлкен жақсылық болатыны ақиқат. Енді абайлап жүрші. Маңайыңда жүргендерді сұрыптап қарашы. Сені сатқан ақымақтың жазасын Алла береді. Алла әділ", – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары мен өнер өкілдері отандық эстрада жұлдызының жазбасына түрлі пікір қалдырды. 

“Қоғамдағы түрлі тақырыпқа бірауыз пікір білдірмегендер, Қайрат үшін қабырғасы қайысты-ау”, “Әртістердің заң бұзу әрекеті басқа әріптестеріне ой салу керек”, “Қайрат осыған дейін де бірнеше рет заң бұзды. Заңға бағынбаған адамды ақтау – жабайылық. Төреғали жол ережесін бұзғанда да жақтап шықтыңыз. Азаматтығыңызға сын”, “Мейрамбек әншілер қоғамының төрағасы емес па?”, “Елдегі бір мәселеге пікір айтпаған адам, желіде белсенді болыпты”, “Заң бәріне – ортақ. Қылмыс жасап, құқық бұзылды ма, жазасын алуы керек”, – деп жазды тыңдарман қауым. 

Айта кетейік, 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртас уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. 

«Мойнымен көтереді»: Роза Әлқожа ұлы мен бауырына байланысты жазба жариялады
«Жарты жыл бұрын жоспарлағанбыз»: Жұлдыз Әбдікәрімова шетелге не үшін кеткенін түсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу