«Жарты жыл бұрын жоспарлағанбыз»: Жұлдыз Әбдікәрімова шетелге не үшін кеткенін түсіндірді

Oinet.kz 10-07-2024 479

Отандық актриса, продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова екі баласын алып, шетелге кету себебін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

Өнер иесі сапардың жарты жыл бұрын жоспарланғанын айтып, оқырмандарының алдында ақталды. 

“Испания елі, Барселона провинциясы, Жерорта теңізінің жағалауындамыз. Бұл сапарды өздеріңіз білетіндей жарты жыл бұрын жоспарлағанбыз. Ұлдардың қалауы еді. Сапарға бірнеше ай дайындалдық. Ел-жер аралаудан бөлек, танымдық бағдарламалары мықты. Мәселен біз жексенбі күні келдік. Бұл елде демалыс күнін әр адам өз отбасымен өткізеді екен. Мемлекеттік мекемелерден бөлек, дүкендер, сауда үйлері, базарлар, тамақ ішетін орындар бәрі-бәрі жабық. Ал келген туристерге бағдарлама өте көп. Біз бір тәулікке bus ticket сатып алдық та, күні бойы қаланы араладық. Яғни сіздің алған билетіңіз қаладағы барлық бағыттағы автобусқа өтімді. Кез келген аялдамадан түсіп қалып, емін-еркін аралай бересіз. Заң өз азаматтарын әбден қорғайды екен. Бір ғана мысал: егер сіз, яғни турист бір затыңызды жоғалтып алсаңыз, оны жергілікті “ұры” ұрлап әкетсе, полицияға шағымдану – бос әурешілік. Заттарыңызға ұқыпты болмаған өзіңіз кінәлісіз. Себебі ұрлап кеткен азамат осы елдің тұрғыны болса, жауапқа тартылмайды”, – деп жазды актриса.

Айта кетейік, өнер иесінің күйеуі, балаларының әкесі әнші Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынған еді. 

Еске салайық, бұған дейін отандық шоу-бизнес өкілі, әнші Қайрат Нұртастың басы дауға қалғанын жаздық. Көліктегі полиция департаменті қазақстандық эстрада жұлдызы ұшақта бұзақылық жасап, үстінен іс қозғалғанын мәлімдеді. Сот процесіне әншінің ресми өкілі ретінде анасы Гүлзира Айдарбекова мен інісі Аян Нұртас қатысып, сұрақ қойып отырды. 

15 күнге қамауға алынған әнші Қайрат Нұртастың апелляциялық шағымын Астана қалалық соты қанағаттандырмады.

«Бірнеше рет заң бұзған адамды ақтау – жабайылық»: Бесбаев әріптесі Қайратты қолдап, сынға қалды
«Айналайын, Димаш, ұры, алаяқтармен байланыспа»: Журналист Димашқа ескерту жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу