«Үлкен сабақ болды»: әріптестерін балағаттап, желі жұлдызына айналған ҚТЖ қызметкері сұхбат берді

Oinet.kz 07-08-2025 66

Желіде жұлдыз болған теміржолшы Асан Үмбетов өзінің шулы видеосына қатысты жауап берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Таяуда оның жиналыс кезінде қызметкерлерге дауыс көтерген сәтінің видеосы тараған еді. Ол пойыздың 1,5 сағатқа кешігіп қалғаны үшін ашуланып, қоластындағыларға ұрысқан. Дөрекі сөздер қосып сөйлеген оны көпшілік қатты сынамай, керісінше «шын жанашыр басшының нақ өзі, қызметіне берілген» деген жылы пікірлер жазды.

Асан Үмбетовтың айтуынша, ол болған жағдайдан кейін басшылықтан ескерту алған.

«Видеоны көріп, болған жағдайға толық көз жеткіздім. Бұл шын болған оқиға. Қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей қатысы бар әрекеттер болды, қауіпсіздік талаптарының өрескел бұзылғаны байқалды. Жұмыскерлерден түскен ресми хаттамалар негізінде селекторлық жиын өткізуге тура келді. Бір ғана қызметкерге емес, жалпы барлық әріптестерімізге қатысты ескерту жасағым келген. Бейнежазбаны көргеннен кейін өзіміздің кемшіліктерімізді мойындадық. Жоғары басшылық тарапынан да ескерту жасалды. Алдағы уақытта әріптестермен дұрыс қарым-қатынас орнатуға тырысамыз. Кім болса да кәсіби этиканы сақтап, ойын дұрыс әрі мәдениетті түрде жеткізе білуі керек. Бұл жағдай біз үшін үлкен сабақ болды», - деді ол.

Асан Үмбетов жұмысшыларға қателігі үшін қатты ұрысып алса, өз ұжымын мақтауды ұмытпады.

«Әріптестерімнің ауызбіршілігі тамаша. Қызметкерлер өз міндетін жақсы атқарып келеді. "Қазақстан Темір Жолы" ұжымында еңбек етіп жүрген әріптестеріме тек табыс пен жетістік тілеймін», - деді ол.

Асан Үмбетов «ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының локомотив шаруашылығы жөніндегі орынбасары болып тағайындалғанына 1,5 жыл болған. Ол локомотив шаруашылығында 20 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді.

«Оның басқа ойы болған сияқты»: Әйелді итеріп жіберген Амантай қажы өз шындығын айтты
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу