«Өз туысымыздай қуанып отырмыз»: Блогер Елдос «Колобок» ұлының бесік тойын дүркіретіп өткізді

Oinet.kz 20-01-2026 37

Танымал блогер Елдос Колобок тұңғыш ұлының құрметіне бесік той өткізіп, қуанышты сәттерін әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.png

Дәстүр мен жылылыққа толы мерекеге жақын жандары мен туыстары жиналып, жас отбасының шаттығына ортақтасты.

Шара барысында дастархан молынан жайылып, тәттіге толы қоржындар мен нәрестеге арналған сәнді сыйлықтар қонақтардың көңілін көтерді. Ұлттық салт-дәстүр мен заманауи элементтер үйлесім тапқан бұл мереке желі қолданушыларының да ерекше ықыласына ие болды.

Блогердің жары Танчоның аналық мейірімі мен нәзік бейнесі көпшіліктің назарынан тыс қалмады. Көп оқырман оның ана атанғаннан кейін бұрынғыдан да көркейе түскенін айтып, жылы пікірлерін қалдырды.

Желі қолданушылары:

"Тойға қатысқандай әсер алдық", "Танчо ана болған соң тіпті жарасып кетіпті", "Өз туған-туысымыздай қуанып отырмыз", "Не істесе де жарасады", "Көзге қуаныштан жас келді", деп, ақжарма тілектерін білдірді.

Қазақстан әншілеріне фонограммамен ән айтуға тыйым салынды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу