«Айтыс қазақ пен қырғызда ғана!»: Халықаралық айтыста отандық ақындар топ жарды

Oinet.kz 03-09-2019 934

image.png

Қырғызстанда он үшінші рет өткен халықаралық айтыста қазақ ақындары елге жүлдемен оралды. Дүбірлі додада өз қарсыластарынан оқ бойы оза түскен Айнұр Тұрсынбаева бас жүлдені иеленсе, бірінші орынға Жандарбек Бұлғақов, екінші орынға Мұхтар Ниязов лайық деп танылды. Ал үшінші орынды Балғынбек Имашев қанжығасына байлапты. Бұл қуанышты хабарды айтыскер ақындар өз парақшаларына жарыса жариялап, сүйінші сұраған. 

Қырғызстанда өткен айтыс туралы Instagram желісінде жазған ақындардың бірі - Балғынбек Имашев елімізде өткен халықаралық айтысқа салыстырмалы түрде көңілі толмайтынын ашып айтты.

"Қазақ-қырғыз еларалық айтысы бірде-бір рет өткен емес. Қытайдан, Моңғолиядан, Қырғызстаннан 1-2 ақын шақырып аламыз да, Халықаралық айтыс өтті деп дүркіреп қоямыз. Айтыс қазақ пен қырғызда ғана! Басқа мемлекеттен келген ақындар өз қандастарымыз. Сонда біз Дүние жүзі қазақтарының айтысы немесе халықаралық қазақ-қырғыз айтысы деп өткізуіміз керек" - деді айтыскер ақын.

image.png

Қырғызстандағы айтыс пен елімізде өткен халықаралық айтысты салыстыра жазған айтыскер Балғынбек Имашев Мәдениет министрлігі қолдау көрсетсе, осы мәселені қолға алатынын айтты.


Айдарға кіру
«Голос. Дети» байқауында топ жарған Ержан Максим Ресейге қоныс аудармақшы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу