Боксшы Әділбек Ниязымбетов әнге бет бұрды

Oinet.kz 26-09-2019 1034

Screenshot_19.jpg

21 қыркүйектен бастап Қазақстан ұлттық арнасында «Екі жұлдыз» музыкалық жобасы көрерменге жол тартқан болатын. Енді бұл жобадан әр саланың жұлдыздарын, тіпті олимпиада жеңімпаздарын да көре аласыздар. Мәселен, олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов. Бұл туралы спортшы өз инста парақшасында жариялады, деп жазады Oinet.kz

«Сенбі 21:00-де Қазақстан ұлттық арнасының эфирінде «Екі жұлдыз» жобасының екінші айналымы», - деп жазды Ниязымбетов.

Бағдарламада "Кешью" тобының экс-солисі Балжан Бидашпен бірге өнер көрсетеді.

Алайда Әділбектің енді айтатынын естіген желі қолданушылары бұған таңырқап, түрлі пікірін жаудырған.

«Спортшылар да әнші болып кеткен бе? Әу демейтін қазақ жоқ», «Сіз тағы ән айтасыз ба, көру керек екен, сәттілік сізге», «Сіз де қатысып жатырсыз ба?»,-  деп жазды желідегілер.

Қайрат Нұртас Уәлибек Әбдрайімовқа өлең жолдармен жауап берді
Мақпал Исабекова: «Сіздер образымды ашық-шашық деп ойлайсыздар. Меніңше, ол әдемі»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу