Күннен энергия алу кеңінен қолданылмақ

Oinet.kz 30-04-2020

Отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында елімізде индустриалдық инновациялық дамуы бағдарламасы жүзеге асуда. Аталған бағдарлама бойынша Түркістан облысында көптеген жұмыстар атқарылып, жаңа кәсіпорындар іске қосылуда.

394fd62c-a97f-47c8-ace8-b3a1fe367ded.jpg

Атап айтар болсақ, энергия көздері саласында "ЮКСЭС" ЖШС (Risen Energy, Қытай) шетелдік инвестордың қатысуымен  жаңа жоба жүзеге асырылды. Инвестиция сомасы 19 млрд. теңгені құрайды. "Risen Energy" компаниясы «ЮКСЭС»  ЖШС-мен бірлесіп Созақ ауданында 125 га аумақта қуаты 50 МВт күн электр станциясын салу жобасын іске асырды.

Бұдан басқа, шетелдік компаниялардың қатысуымен басқа да жобалар жүзеге асырылуда. Олардың ішінде "ARM Wind" ЖШС (Италия) – Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында қуаты 50 мВт күн электр станциясының құрылысын жүргізуде. Инвестиция сомасы-12,5 млрд. теңге. Естеріңізге сала кетейік," ARM WIND " - Қазақстан Республикасындағы ірі шетелдік инвестор болып табылатын ENI (Италия) Халықаралық энергетикалық компаниясының еншілес ұйымы.

 Сонымен қатар, "KZT Solar" ЖШС және "HEVEL KAZAKHSTAN"ЖШС компаниялары Кентау қаласында қуаты 110 мВт күн электр станциясының құрылысын бастады. Инвестиция сомасы 32,2 млрд. теңгені құрайды. Жобаны іске асыру 2020-2021 жылдарға белгіленген.

5 млн. теңгенің жабдықтарын табыс етті
Ауыл шаруашылығында ауқымды жобалар іске асуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу