5 млн. теңгенің жабдықтарын табыс етті

Oinet.kz 29-04-2020 780

«Біз біргеміз» акциясының аясында кентаулық кәсіпкер Есенбек Құланбаев қаладағы оқшауланған ауруханаға 5 млн теңгеге көмек берді. COVID – 19 вирусын жұқтырған науқастарды емдеп жатқан дәрігерлерге қажетті төсек орындар мен жабдықтарды және қажетті ыдыстар мен күнделікті тұтыну тауарларын табыстады. 

a04b045d-d476-4d90-abe4-cf402b0971b8.jpg

Сондай-ақ, 300 отбасына азық-түлік таратты. Қаладағы аз қамтылған 100 отбасына және де қалаға қарасты ауылдардағы 200 отбасына көмек қолын созды. Қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың тізімін алып, үй-үйді аралып, тұрғындарға жеке-жеке табыстады. Бір отбасына 25 келі ұн, 5 келі қант, 5 келі  күріш, 5 литр май, 2 қорап шәй және 5 дана бетпердеден берді. 

- Елдегі төтенше жағдайды ескере отырып, жерлестеріме көмек беруді құп көрдім. Әкімшіліктен арнайы тізім салып, соның негізінде азық-түлікті табыс етіп шықтық. Бұл менің азаматтық міндетім деп білемін  және өзге де кәсіпкерлерді игі істі қолдауға шақырамын – дейді ол.

Жерлестерінің көрсеткен қолдауына кентаулықтар да дән риза. Баршасы рахметін айтып, алғыстарын білдіріп отыр.

Блок-бекеттердің жұмысы күшейтілді
Күннен энергия алу кеңінен қолданылмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу