Қазығұрттық шаруа бір мезгілде 40 мың раушан гүлін өсіруде

Oinet.kz 04-05-2020 693

Мемлекет басшысы өз Жолдауында Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыруды баса айтқан болатын. Негізгі міндет – еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын ұлғайту. 

fd73d02d-b633-4489-aaa8-006fca045be7.jpg

Осы негізде ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін жаппай оқыту жүйесін қалыптасып келеді. 

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының Тұрбат елді мекенінде «Үміт» шаруа қожалығы гүл өсірумен айналысады. Шаруа қожалық 2004 жылы құрылған. Төрағасы - Рустем Ибрагимов. Қожалықтың жер көлемі - 4,5 гектар. Шаруа көлемі 40 соттық жылыжайға – раушан гүлін, 10 соттыққа – қалампыр гүлін өсіріп отыр. Онда 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Маусымдық жұмысқа 15 ауыл азаматтары атсалысады. Орташа айлық жалақылары - 60 мың теңге. Өткен жылы өндірілген өнім көлемі - 10 мың дана қалампыр, 40 мың дана – раушан гүлі жиналған. 

Биылғы маусымда да өнім аз болмайды дейді шаруа.

Жалпы Тұрбат ауылында жылыжай көлемі - 55,3 гектар. Ал аудан көлемінде өткен жылы жылыжай саны - 156,01 гактарға жетті. Осы жылыжайлардан 2019 жылы 39,8 мың тонна - көкөніс, 100 тонна - лимон, 840 мың дана - гүл өнімдері жиналған.

Сарыағашта жылына 6 млн көшет өндіретін кәсіпорын бар
«Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы қолға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу