Кәсіпорын 5 млн тенге бөлді

Oinet.kz 18-05-2020 598

 image.png

Елбасы коронавирус пандемиясына байланысты үндеу жолдады. Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әрекетін қолдауға, ал бизнесмендерді осындай ауыр кезеңде көмек көрсетуге шақырды.

Кентау трансформатор зауыты «Болашақ» Қауымдастығына Кентау қаласында коронавируспен күрес үшін қажет медициналық тауарларды сатып алуға, сондай-ақ тұрмысы төмен отбасыларға көмек ретінде 5 млн. теңге жолдады.

Осы орайда, бөлінген қаражатқа Халықаралық “Болашақ” бағдарламасының ОҚО Қауымдастығы атынан «Bolashaq Ońtústik» корпоративтік қорының еріктілері Кентау мен Түркістан қалаларындағы көмекке мұқтаж әлеуметтік жағдайлары төмен отбасылар мен ҰОС ардагерлеріне, барлығы 100 отбасыға, ең
қажетті азық-түлікке және тұрмыстық тазалағыш заттар мен жеке күтім құралдарына толы қораптар таратты.

«Кентау қаласындағы ірі, қала құрушы кәсіпорын ретінде осындай қиын уақытта қалыс қала алмаймыз. Жалпы «Alageum Electric» Компаниялар тобы коронавируспен күреске 100 млн. теңге бөлді, соның ішінде ақшаның бір бөлігі Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорына халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау үшін жіберілді. Жақын арада күшімізді біріктіре отырып осы пандемияны жеңіп шығатынымызға сенеміз және де барлық кәсіпкерлерді бірлесіп көмек көрсетуге шақырамыз», – дейді «КТЗ» АҚ Басқарма
төрағасы Хайролла Қожабаев.


Кесене аумағын көріктендіру жайы талқыланды
Шұбарлық шаруалар жылына екі рет өнім алуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу