Түркістанда теннис орталығы салынып жатыр

Oinet.kz 01-06-2021 981

7.jpg

Түркістан қаласындағы Әкімшілік-іскерлік орталықта Теннис орталығының құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстары биыл сәуір айында басталған. Аталған спорт түрін серік етер жандар келер 2022 жылы орталықтың қызметіне жүгіне алады. Жер аумағы 2,5 гектарды құрайды, жалпы ауданы 5000 шаршы метр. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Теннис орталығы 7 ашық теннис кортынан, көрермендерге арналған жиналмалы мінбелер, әмбебап ойын алаңы, балалар ойын алаңы, сондай-ақ, автотұрақ және қоқыс жәшіктері үшін қалқасы бар алаңқайдан тұрады.

Жалпы Түркістанда халықаралық жарыстарға өткізуге лайықты спорттық нысандардың саны көбейіп келеді. Соның бірі былтыр пайдалануға берілген «Түркістан арена» стадионы.  7 мың орындық стадион қажетті қондырғылармен толық қамтылған. «Самрұқ Қазына» ҰӘҚ АҚ-ның Түркістанға тарту еткен стадионның негізі футбол алаңынан, жеңіл атлетикаға арналған жабық аренадан тұрады. Акробатика, бокс, ауыр атлетика, спорттық гимнастика және йога залдары толық талаптарға сай жасақталған. Бұдан басқа, мәдени-спорттық іс-шаралар, футбол, жеңіл атлетика, үстел теннисі, садақ атудан облыс құрамасының оқу-жаттығу жиындары, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар өткізілмек.


Түркістанда жаңа теміржол және автовокзалдар салынбақ
«Балалық шақтан-Болашаққа» фестивалі өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу