Қарты бар елдің қазынасы бар

Oinet.kz 11-11-2022 203

Созақ ауданында «Атадан өсиет – Ұрпаққа қасиет» тақырыбымен өткен іс-шараға Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков қатысып, аудан ардагерлерін алда келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. 

Screenshot_3.jpg

- Біз әрқашан «Қарты бар елдің қазынасы бар», деген аталы сөзді ұран етіп өскен халықпыз. Қарттарға қамқорлық – біздің халқымыздың дәстүрінде дәріптеліп, салты мен санасына берік орныққан қасиет. «Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген сөз бекер айтылмаған. Елдің берекесі мен жас ұрпақтың өнегесіне әр уақыт қолдау көрсетіп, ел келешегінің жарқын жолын жарасымды жалғап келесіздер. Қариялар – халқымыздың өткені мен бүгінін жалғайтын алтын көпір, тұнып тұрған шежіре, кемел тарихымыз,- деген аудан басшысы осы аймаққа еңбек сіңірген бірқатар ардагерлерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне қосқан ұзақ жылғы елеулі еңбектерін ескеріп, арнайы төсбелгімен марапаттады.

Сондай-ақ «Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Марат Оспанов ардагерлерге деген тілегін жеткізіп, ардагер әжелерімізді «Ұлағатты әже» медалімен марапаттады. 

Іс-шара барысында Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков 90 жастағы Мами Дадабекұлы мен 91 жастағы Бәтжан Махажанқызына сый-сияпат жасап, иықтарына шапан жауып, басына орамал тақты.

Шолаққорған ауылында тұратын Мами Дадабекұлы 1931 жылы дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы совхозда қызмет жасап, бес ұл, үш қыз өсіріп, одан 22 немере, 12 шөбере көріп отырған қазыналы қария. Ал Бәтжан Махажанқызы болса, алты ұл, төрт қыздың аяулы анасы. Бүгінгі күні 32 немере, 38 шөбере, 7 шөпшегінің ортасында баянды ғұмыр кешіп отырған бақытты әже. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында арнайы келіп құттықтап жатқан аудан басшылығына ризашылықтарын білдірген көнекөз қариялар «елдің амандығы, халықтың бірлігінен артық ештеңе жоқ»,- дейді.

Іс-шара барысында «Сырлы Созақ» ардагерлер тобы созақтық сазгерлер Яһуда Амандықовтың «Қаратауым», Әділбек Нысанбаевтың «Туған жер» әнін шырқап, мереке көркін қыздырды.

Ұлы ұстазға құрмет
Сарыағаш әрқашан келушілерді қуантады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу