Шардарада аяқ киім тігу жобасы қолға алынды

Oinet.kz 28-07-2023 221

21.jpg 

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының көршілес Өзбекстан Республикасымен шекаралас аудандардың əлеуметтік және кәсіпкерлік салада әріптестік орнатып, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы халықтың әлеуметтік осал топтары мен жастардың әлеуметтік жағдайын көтеру бойынша тапсырма берген болатын. Аталған тапсырманы орындау ісі Шардара ауданында қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Осы мақсатта кәсіпкер Омар Әсенұлының жеке инвестициясы есебінен  Алатау батыр ауылдық округінен «Шебер» Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің тігін фабрикасы іске қосылған. Аталмыш фабрикада бүгінде әлеуметтік осал топтағы, аз қамтамасыз етiлген және көпбалалы отбасылардан, 29 жасқа дейiнгi жастар мен 55 жастан асқан зейнет жасына дейінгі адамдардан 200-ге тарта шардаралық тұрақты жұмыспен қамтылған.

Жергілікті мекемелермен қатар еліміздің көптеген облыстарын аяқ киім, киім-кешек және тапсырысқа сәйкес кез келген киіммен қамтамасыз етіп отырған фабрика Түркия және Өзбекстан елдерінен тәжірибелі мамандар шақырту арқылы қолынан іс келетін қыз-келіншектерді жұмыспен қамтып, маман тапшылығының алдын алу мақсатында оқу курстары өткізіліп тұрады.

«Аудан әкімінің тікелей қолдауымен ауылдық округте «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайыздық шағын несиемен және 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттарды беру арқылы қосымша 190 адамды жұмыспен қамтуды көздеп отырмыз. Ал, аталмыш тігін фабрикасының жұмысын жандандыру, қолдау көрсету бойынша заманауи ғимарат салып беру бойынша арнайы жұмыстар жүргізіліп жатыр», - дейді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің маманы Елнұр Сайман.

Сондай-ақ, облыс әкімінің бастамасымен шілде айының басында Қытай еліне жасалған әріптестік іссапар кезінде жылдық қуаты 72 мың жұп аяқ киім, 140 мың дана жаздық және 140 мың дана қыстық арнайы киім шығаруға қауқарлы фабрика басшысы қосымша 160 млн теңгеге заманауи лазерлі тігін станоктарын сатып алу бойынша келіссөздер жүргізіп қайтқан.

Кәсіпкерлік саласын дамыту арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында қосымша Жаушықұм ауылдық округінен құс өсіру бағытында аз қамтамасыз етiлген отбасыларды, көпбалалы отбасыларды, 29 жасқа дейінгі жастар мен 55 жастан асқан зейнет жасына дейiнгi 55 адамды кәсіби оқытып, жұмыспен қамту жұмыстары жүзеге асырылып жатыр.


Төлеби ауданында Оқушылар үйі салынуда
Қызылкөлде тазалық шарасы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу