Ұлытау облысында жылыту маусымына дайындыққа 36,6 млрд теңге бөлінді

Oinet.kz 03-09-2025 32

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Үкімет отырысында өңірде алдағы жылыту маусымына дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Screenshot_2.jpg

Ол жалпы облыстың жылыту маусымына дайындыққа 36,6 млрд теңге бөлінгенін атап өтті. Жезқазған қаласының жылу-электр орталығында 2 қазандық пен 3 турбинада ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды, сондай-ақ 4 қазандық пен 1 турбинаға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Дайындық деңгейі – 74%. Жөндеуге 6,8 млрд теңге бөлінген.

«Облыстың жылу желілерін жөндеуге 8,1 млрд теңге бөлінді. 48 шақырым жылу желілері жөнделуде, оның ішінде қазіргі уақытта 32 шақырым бойынша жұмыстар аяқталды. Барлық жұмыстарды осы жылдың 15 қыркүйегіне дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз»,

— деп атап өтті өңір басшысы Дастан Рыспеков.

Ұлытау облысында жылыту маусымына дайындыққа 36,6 млрд теңге бөлінді
Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу