Мақсат --салауатты әрі қауіпсіз қоғам қалыптастыру

Oinet.kz 03-09-2025 21

6.jpg 

Түркістан қаласында отбасыға демографиялық қолдау көрсету, отбасы институтын нығайту және жастарды дұрыс тәрбиелеу, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбы жан-жақты талқыланды.

Осы шара аясында Түркістан облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы жанындағы тұрмыстық зорлық‑зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы Жәмила Нұржігітова «Бақытты ел – бақытты отбасы» акциясы шеңберінде зорлық‑зомбылықтардың алдын алу әдістері мен отбасылық құндылықтардың қоғамдағы рөлін тереңнен баян етті. Ол өзінің сөзінде отбасы мен қоғамдағы зорлық‑зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күрес әдістері туралы кең мағлұматпен бөлісіп, отбасының салауатты әрі қауіпсіз қоғам қалыптастырудағы маңыздылығын нақтырақ түсіндірді.

Кездесуде есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, есірткі және психотроптық заттардың қауіптілігі, сондай-ақ құқықтық тәртіп бұзушылықтардың салдары жайлы ақпарат берді. Олар жастарға салауатты өмір салтын ұстану және заңды қатаң сақтау қажеттілігін түсіндіріп, «заң мен тәртіп» қағидасының қоғамда қалыптасуына үлес қосып жатқандарын мәлімдеді.

Қатысушылар арасында қыздар мен аналар белсенді түрде сұрақтар қойып, әңгімеге араласып: қоғамдағы аналар рөлі, отбасы тәрбиесінің негіздері, жастарды құқықтыққа тәрбиелеу жайлы өз ойларымен бөлісіп, әңгіме әсем әрі мазмұнды форматта өрбіді.

Сонымен бірге, «Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларға сөмкелер мен оқу құралдары таратылды. Ұйымдастырушылар мақсатында осындай іс-шаралардың отбасылық құндылықтарды нығайтып, өскелең ұрпаққа қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етуі ерекше атап өтілді.

Заң мен тәртіптің басты қағидасы – бұл қоғамның тұрақты дамуы мен әрбір адамға тең құқық кепілі. Қасым‑Жомарт Тоқаев бастаған мемлекет «Әділетті Қазақстан» идеясын негізге ала отырып, заң үстемдігін орнықтыруды, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруды басты мақсат етіп қойды. Бұл қағида отбасылық институтты қолдап, балаларды заңға деген құрмет пен жауапкершілікке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

Сонымен қатар, Түркістан облысындағы жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар да жүйелі түрде жүргізілуде.


«Бақытты отбасы – бақытты ел»
Түркістан: Есірткі тасымалдаған шетелдік сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу