Сарыағаш: Халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған маңызды жобалар жүзеге асырылуда

Oinet.kz 02-11-2025 7

Screenshot_2.jpg

Сарыағаш ауданының экономикасын арттыру үшін ауданға инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бұл мәселе аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен өткен инвестиция штабының отырысында да талқыланып, басқа да салалар қаралған болатын. Аудан басшысы жиында жаңа өндіріс орындары ауданымыз үшін маңызды екенін, ұсынылған жобаларға қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Сонымен қатар, жобаның жүзеге асырылуы барысында кездесетін мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмаларды мерзімімен жүктеді.

Сонымен жиында ауданға инвесторлар тарту бағытында бекітілген жол картасындағы жобалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және өзекті мәселелер талқыланды. Жиынның негізгі мақсаты – әкімшілік кедергілерінің орын алуына жол бермеу, рұқсат беру құжаттарының рәсімдеу, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер мен қолдау тетіктерін дер кезінде ақпараттандыру және оны пайдалануда жобаларға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу, жаңа жұмыс орындарын ашу.

Бүгінгі күні ауданда жүзеге асырылып жатқан жобалар көп. Оның қатарында елді мекендерді таза ауыз сумен қамту, тұрғын үй құрылыстарын жандандыру сынды маңызды жобалар бар. Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласына қарасты Самал-3 шағын ауданын ауыз сумен қамту мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын бақылап, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Мердігер мекемеге жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жұмыстарды сапалы орындауды тапсырды. Оған қоса,  ауыз су жүйесін тарту жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде аяқталуы қажеттігін ерекше атап өтті.

Бүгінде Самал-3 шағын ауданының Талғар көшесінде траншея қазу, диаметрі 110 мм ауыз су құбырын тарту және су құдықшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобаның құрылыс жұмыстары 2025 жылдың тамыз айында басталған. Тапсырыс беруші – ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, жұмысты орындаушы мердігер  – «Сарыағаш-Аман» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Ал «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында Сарыағаш қаласы аумағында үш қабатты тұрғын үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Ол нысандардың құрылыс жұмысымен танысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев құрылыс сапасы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударып, мердігер мекеме өкілдеріне тұрғын үйлердің аудан халқының игілігіне арналатынын ескере отырып, жұмыстарды уақытылы әрі сапалы орындауды тапсырды.

Қазіргі таңда, нысанда инфрақұрылым  және кәріз жүйелерін жүргізу жұмыстары аяқталған. Тұрғын үйдің кіреберіс баспалдақтары құйылып, ішкі әрлеу жұмыстары жалғасуда. Құрылысқа 46 адам тартылған. Жобаны қаржыландыру кәсіпкерлер есебінен жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, аудан әкімі Ш.Қалдаяқов гүлзары бойындағы көпқабатты тұрғын үйлерге кәріз жүйесін жүргізу жұмыстарының барысын тексерді. Арман Абдуллаев ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне қарасты «Сарыағаш қызмет» КММ-на нақты тапсырмалар беріп, жергілікті бюджет есебінен жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Түркістан облысы республикада 2 орында
Түркістан облысында «Бәйтерек» холдингімен бірлескен жобалар жүзеге асырылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу