Сарыағаш: Округтерде атқарылған жобалар ел игілігіне берілуде

Сарыағаш ауданындағы ауылдық округтерде өңір тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін қосып отырған жобалар бар. Мәселен, ауданға қарасты Қабланбек ауылдық округінде атқарылған жұмыс көп. Атап айтсақ, округке қарасты Жонарық елді мекенінің Қошқарбек ата және Ж.Ешеев көшелеріне 18 түнгі жарықшам орнатылған. Осы жылдың мамыр айында аудан бюджетінен қаржы бөлініп, Ташқұлақ су тазалау сусорғы станциясына цеолитті фильтр орнатылды. Аталған станциядан Ақниет елді мекеніндегі 1000 текшеметр көлеміндегі су жинақтау қоймасына (резервуар) ауыз су жеткізіліп, Қанағат, Ақниет және Жонарық елді мекендерінің тұрғындары таза ауыз сумен қамтылып отыр. Сонымен қатар, Жонарық елді мекенінде «Кселл» ұялы байланыс операторы тарапынан 4G стандартымен жаңа базалық станция орнатылып, іске қосылды. Қанағат елді мекенінің Қанағат және Ж.Ешеев көшелеріне жаяу жүргінші жолы салынды. Қабланбек елді мекенінде Ж.Борашов, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы және М.Мақатаев көшелеріне 38 түнгі жарықшамы орнатылды.
Ақниет елді мекенінде ашық стадион мен воркаут алаңы салынды.Ташқұлақ және Сіргелі елді мекендерінде балалар ойын алаңшасының құрылысы жүргізіліп, тұғындар игілігіне берілді. Оған қоса, Зах елді мекенінде ашық волейбол алаңы мен балалар ойын алаңшасы салынып, пайдалануға берілді. Округ аумағында орналасқан «Р-14» каналының 11 шақырымы, «Хожахан» каналының 9 шақырымы, «Қараменді» қашыртқысының бір шақырымы,«Қағанат» қашыртқысының 2 шақырымдық бөлігі механикалық тазалаудан өткен. Сіргелі елді мекеніне қарасты Қызқұдық көшесінде орта жөндеу, жаяу жүргінші жолы және науа құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, М.Есқұлов және Д.Спанов көшелеріне жалпы ұзындығы 2,5 шақырым асфальт жамылғысын төсеу жұмыстары атқарылуда. Оған жауапты «Bairkum Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың айтуынша, мұндай жобалар Қызылжар ауылдық округінде де жүзеге асырылуда. «Мұнда ауылдық округке қарасты елді мекендерді инфрақұрылыммен қамту бағытында бірқатар жобалар іске асырылды. Қызылжар және Жаскешу елді мекендеріне жаңадан қосылған аумақтардағы 524 үйді табиғи газбен қамту мақсатында облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. «КАЗмонтаж строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан 189 үй толығымен көгілдір отынға қосылды. Жібек жолы автоматтандырылған газ тарту станциясына қосылу мақсатында бүгінде 283 үй «Қарабастау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан газ жүйесіне қосылып жатыр. Қалған тұрғын үйлер бойынша құжаттар дайындалу үстінде, олар кезең-кезеңімен қосылатын болады. Қызылжар елді мекенінің Жастар көшесіне – 30, Иса Сағынұлы көшесіне – 21 жарықшам орнатылды. Оған қоса, Ахмет би көшесі бойында балалар ойын алаңы салынды. Оның құрылыс жұмысын «GREEN TREE-KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарды. Ал тұрғындардың ауыл шаруашылығы жерлерін сумен қамтамасыз ету мақсатында «фронтовой» қашыртқысынан және «47 тармақ» каналынан сусорғы арқылы су жеткізу үшін ұзындығы бір шақырым, диаметрі 300 мм құбыр тартылды. Қазіргі таңда, электр желісі тартылып, насос орнату жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша жоба жыл соңына дейін толық пайдалануға беріледі. Оның мердігер – «Қазақ Тех Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, – дейді аудан әкімі.
Бұдан бөлек, округке қарасты Жаскешу елді мекенінде 38 жарықшам жаңартылса, биыл мұнда 900 орындық «Келешек мектеп» жобасы аясында жаңа мектеп құрылысы аяқталып, жаңа оқу жылында пайдалануға берілген. Сондай-ақ, округ аумағындағы су арналары бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізілген. Яғни, «Р-12-К» қашыртқысының 3 шақырымы, «Р-13-К» қашыртқысының 6,5 шақырымы, жалпы 9,5 шақырым ұзындықта механикалық тазалау жұмыстары атқарылып отыр.
Ал Жемісті ауылдық округіне де атқарылған жұмыс көп-ақ. Бұл округке қарасты Жемісті елді мекенінің Б.Момышұлы көшесі бойынша ұзындығы 0,7 шақырымды құрайтын жаяу жүргінші жолы салынды. Сонымен қатар, Құрманғазы көшесінде ұзындығы 0,5 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынды, оған қоса 12 жарықтандыру бағанасы орнатылған. Жемісті елді мекенінің Т.Төлендіұлы, Б.Момышұлы, Жамбыл, Бейбітшілік, А.Аппазов, Ақниет көшелерінде жалпы 42 ескі жарық шамдары жаңартылған. Ақбастау көшесінің 2,3 шақырымына орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселген. Жемісті ауылдық округінде шағын футбол және балалар ойын алаңының құрылысы аяқталып, қараша айында тұрғындар игілігіне берілген.
Сондай-ақ Жібек жолы ауылдық округінде жалғасын тапқан жобалар да баршылық. Атап айтсақ, ауылдық округке қарасты Жаңа тұрмыс елді мекеніндегі Майлықожа көшесінде кіші футбол алаңының құрылысы жүргізіліп, тұрғындар игілігіне берілді. Құрылыс жұмыстары жүргізген «СМАК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Сонымен қатар, аталған мердігер workout алаңын да салған. Елді мекенге қарасты Ирқас көшесіне депутат Н.Делишевтің қолдауымен 20 жарық шамы орнатылып, жарамсыз 24 жарық шам қалпына келтірілген. Жібек жолы елді мекенінің 5 көшесінде жалпы ұзындығы 22 шақырымға орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт жабындысы төселген. Оның жөндеу жұмыстарына жауапты «Real Story Invest» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Елді мекеннің Абай көшесінде балалар ойын алаңы салынып, пайдалануға берілді.
Ауылдық округ аумағында орналасқан «Дихан баба» каналының бір шақырымы, «Хожахан» каналының 9 шақырымы, «Р-1» қашыртқысының 7 шақырымы және «Қарабау» қашыртқысының 4,5 шақырымы механикалық тазалаудан өткен. Қазіргі таңда, Жібек жолы, Зортөбе, Сарқырама, Жаңақұрылыс, Қарабау елді мекендерінде ішкі ауыз су жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Жұмыстарды осы жылдың соңына дейін толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Оның құрылысын «FS Development Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Сонымен қатар, Жаңа тұрмыс елді мекен аумағын кеңейту мақсатында 4,2 гектар жер учаскесін бас жоспарға енгізу жұмыстары жүргізілуде. Оған қоса, Қарабау елді мекенінің Сүлейменов көшесіне кіші спорт және воркаут алаңдарын салу үшін қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
Ал Ақжар ауылдық округіне қарасты Ақжар елді мекені арқылы өтетін КХ-49 облыстық маңызы бар жолдың 25-і шақырымындағы Ханым каналынан өтетін көпірге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстарын «MARDEN Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Сонымен қатар, елді мекеннің Д.Қонаев көшесінің 1,2 шақырымына науа орнатылды. Оның құрылыс жұмысына «Bairkum Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапты.
Бағыс елді мекенінде де ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, Алматы, Егемендік, Түркістан және Бейбітшілік көшелерін жарықтандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жұмыстарды «Energo ВЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орындаған. Сондай-ақ, Алматы, Егемендік және Түркістан көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілген.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев осы округтердің бәрінде болып, атқарылған жұмыстардың барысымен танысты. Халықпен болған кездесулерде де осы жұмыстарды баяндап, олардың талап-тілектерін тыңдады.


