Жетісай: Әкімдікте сұйытылған газ тапшылығын жою, жол-көлік оқиғасы мен өрт қауіпсіздігінің алдын ал

Oinet.kz 25-11-2025 4

583274866_920684943866026_1076118100608381025_n.jpg

Жетісай ауданында сұйытылған газ бағасы мен тұтынушыларды қажетті көлемде қамтамасыз ету, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы бойынша өткізілген рейт барысы ауданның прокуратурасы мен аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен жиында талқыланды.

Алдымен Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Айдос Исмаилов пен аудан прокуроры Мырзахмет Утегенов, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен сұйытылған газ құю бекеттерінің өкілдері қатысқан жиында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Толыбаев баяндама жасады. Ол аудан аумағындағы автогаз құю бекеттеріне ауданда құрылған жұмысшы топ өкілдері тарапынан мониторинг жүргізілгенін, министрліктің сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасын бекіту туралы бұйрығы негізінде бекет иелеріне әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, бағаны негізсіз өсірмеу жөнінде ескертулер жасалғанын, түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырғанын айтты.

«Қазіргі газ тапшылығы жағдайында тиісті операторлармен жұмыс жүргізуді одан әрі жалғастырып, әлеуметтік сұйытылған газ көлемін уақытылы жеткізуді және автогаз бекеттерінің қажетті мөлшерде қамтамасыз етілуін бақылауда ұстауымыз керек. Осыған орай қала, кент, барлық ауылдық округтерде құрылған мобильді топтар түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізсін», – деді аудан әкімінің орынбасары Айдос Бақытжанұлы. Сонымен қатар, аудан прокуроры Мырзахмет Утегенов аудандағы автогаз бағасын тұрақты ұстап, белгіленген лимит аясында жұмыс жүргізу қажеттілігі жөнінде мәселе көтеріп, қатысушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Өзекті мәселелерді бірігіп талқылап, сұйытылған газ бағасын негізсіз қымбаттатқан бекет иелеріне заң аясында тиісті шаралар көрілетінін ескертті.

Сондай-ақ жиында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, адам шығынын болдырмау жайы да сөз болды. «Көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол инфрақұрылымын жаңарту мақсатында негізгі магистральдар мен ішкі көшелерде жол белгілерін, жолақтарын жаңарту жұмыстарын жүргізу, тұрғындар мен аудан қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және адам шығынын болдырмау біздің алдымызда тұрған басты міндет. Кешегі күні Түркістан облысы прокурорының аға көмекшісі Ербол Тұрсынбаев бастаған арнайы жұмысшы тобымен де ауданда осы мәселелермен қатар жүргізушілердің көлік басқару мәдениетін арттыру, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жол инфрақұрылымын жақсарту, қажетті жол белгілерін орнату, жаяу жүргіншілерге қауіпсіз жағдай жасау, жылдамдықты бақылауға арналған бейнекамераларды іске қосу мәселелері кеңінен сөз болған еді. Бүгінде бұл жұмыстар аясында ауданда тиісті жұмыстар атқарылып, сақтық шаралары да күшейтіліп отыр», – деді аудан прокуроры Мырзахмет Утегенов.

Сала мамандарының айтуынша, биыл облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы тарапынан ауданда 31 жылдамдықты автоматты түрде анықтайтын «Сергек» және «Мерген» камералары, қауіпті деп танылған 60 мекен-жайда бақылау бейнекамералары, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 25 шақырым көшелерге қарама-қарсы бағытты айқындайтын жол сызбалары, 25 мекен-жайдағы жаяу жүргіншілер жолағы таңбаланып, 150 метр стандартқа сай жасанды жол кедергілері орнатылған.

Ал өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы бойынша өткізілген рейт барысына тоқталар болсақ, рейт барысында арнайы мамандар тарапынан анықталған кемшіліктер бойынша бірінші кезекте бірнеше хаттама толтырылып, ескерту берілген. Кемшілікті жою бойынша белгілі уақыт белгіленген. Жетісай аудан әкімінің орынбасары Нұркен Әлмештің айтуынша, ҚР вице-премьер министрі Қанат Бозымбаевтың тұрғын үйлерге, әсіресе, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылардың үйлеріне, жатақханалар мен хостелдерге өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы бойынша тексеріс жүргізу туралы төтенше жағдайлар минстрлігі мен жергілікті әкімдіктерге берген тапсырмасы аясында Жетісай ауданында кезекті рейд өткізілген. Оған Нұркен Әлмеш жетекшілік етті. Бұл шараға қала әкімі мен кент, ауылдық округ әкімдерінің орынбасарлары, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері мен аудандық полиция бөлімінің инспекторлары, газ инспекциясы мекемесінің қызметкерлері қатысып, аудан аумағындағы жеке және көппәтерлі тұрғын үй секторларының жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, түссіз газдан уланудың алдын алу, адам шығынын болдырмау, жылыту пештерін пайдаланудың техникалық талаптары мен ережелерін қатаң сақтау мәселелері түсіндіріліп, үнпарақшалар таратылған.

Рейд барысында жылыту маусымы басталғалы жүргізілген түсіндірме жұмыстарына қарамастан тұрғындар тарапынан әлі де болса рұқсат етілмеген жылыту пештерін пайдалану, түтін мұржаларының талапқа сай келмеуі, ақауы бар электр сымдары мен розеткаларды пайдалану жәйттері анықталып, хаттамалар толтырылды. «Баршамызға мәлім болғандай, газ және электр аспаптарын пайдалануда салғырттық таныту – өртпен байланысты қайғылы жағдайға алып келеді, сондықтан, күнделікті тұрмыстағы қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау әрбір азаматтың денсаулығы мен өмірінің, мүлкінің кепілі. Мұндай тексеріс жұмыстары аудан аумағында ұдайы жүргізіліп келеді. Алдағы уақытта да жалғасын табатын болады», –дейді аудан әкімінің орынбасары Нұркен Серікұлы.

Сарыағаш: Ауданда атқарылып жақтан құрылыс жұмыстарының барысы қаралды
Сайрам: Ауданның инфрақұрылымы жақсарып, Көлкенті көгілдір отынға қосылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу