Шымкент қаласының прокуроры тағайындалды

Oinet.kz 09-02-2026

Елдос Сағиев Шымкент қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

image.png

— Мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Елдос Әлиханұлы Сағиев Шымкент қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Елдос Сағиев Прокуратура органдарындағы қызметін Ақмола облысы Шортанды ауданы прокурорының көмекшісі ретінде бастаған.

Әр жылдары Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Қостанай және Маңғыстау облыстары бойынша департаменттерінде, Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

2022 жылғы тамыздан Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау қызметінің бастығы болды.

Қызметтегі жоғары жетістіктері үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен, ІІ дәрежелі «Айбын» және ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен наградталған.  

Жаңатаста төтенше жағдай жарияланды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу