Түркістан облысында мемлекеттік сатып алу рәсіміндегі кемшілік жойылды

Oinet.kz 07-09-2026

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан Түркістан облысының білім басқармасына қарасты «Жамбыл Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сатып алу рәсіміне камералдық бақылау жүргізілді.

Бақылау барысында 2026 жылғы маусым айында мемлекеттік сатып алудың веб-порталында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жарияланған мемлекеттік сатып алу рәсімі зерделенді.

Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты мемлекеттік тілде орналастыру талаптарының сақталмағаны анықталды. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшелігі веб-порталда қазақ тілінде орналастырылмаған.

Анықталған кемшілікті жою мақсатында Департамент тарапынан білім беру ұйымына тиісті хабарлама жолданып, мемлекеттік сатып алу құжаттамасын белгіленген талаптарға сәйкестендіру тапсырылды.

Қазіргі уақытта ұйымдастырушы тарапынан Департаменттің жолдаған хабарламасы толық көлемде және тиісті дәрежеде орындалып, анықталған кемшілік жойылды.

Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын, заңдылығын және белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етудің тиімді тетіктерінің бірі болып табылады.

Түркістан облысы облысы бойынша 

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 

бас маманы Б.Мақашов

Түркістан облысында мемлекеттік сатып алуда анықталған бұзушылық жойылды
В Туркестанской области устранено нарушение, выявленное при проведении государственных закупок
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу