"№3 Көксәйек арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекеме

Oinet.kz 18-06-2023 4945

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан "Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "№3 Көксәйек арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен 2023 жылдың мамыр айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден тәсілімен жарияланған №61465491 «Іс-шараларға қатысуды қамтамасыз ету бойынша қызметтер» мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшеліктерінде әлеуетті өнім берушілерге қойылған талаптарға ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген. 

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша "Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "№3 Көксәйек арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 39 бабы 3 тармағы 45-тармақшасының талаптары сақталмағаны анықталған.  

Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, "Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "№3 Көксәйек арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.

Түркістан облысы облысы бойынша 

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 

жетекші маманы А.Панай

"Облыстық жасөспірімдер үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шымкенттік шенеунік сотта ақталып шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу