Шымкенттік шенеунік сотта ақталып шықты

Oinet.kz 18-11-2023 11002

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Мұхтар Қоқанбаевқа ақтау үкімін шығарды. 

Screenshot_13.jpg

Мұхтар Қоқанбаевты антикор биыл маусымда әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау кезінде бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін кәсіпкерден 13 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұстаған болатын. 

Кейін оның ісі пара алудан лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануға ауыстырылды.   Сотта мемлекеттік айыптаушы оны 2 жылға бас бостандығынан айыруға соттауды сұраған болатын. Ақыр аяғында сот оны ақтап шығарды.

Қоқанбаев мемлекеттік қызметке қайта орала ма, жоқ па, ол жағы әлі белгісіз. 

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметіне қыркүйекте Ролан Ибрагимов тағайындалып кеткен болатын.   

"№3 Көксәйек арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекеме
Түркістан қаласы әкімдігінің "Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі"
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу