Түркістан қаласы әкімдігінің "Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі"

Oinet.kz 20-12-2023 5983

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан Түркістан қаласы әкімдігінің "Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен 2023 жылдың қараша айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден тәсілімен жарияланған №59829412 «Жерге орналастыру және жер-кадастр жұмыстары» мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшеліктерінде әлеуетті өнім берушілерге қойылған талаптарға ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша Түркістан қаласы әкімдігінің "Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 39 бабы 3 тармағы 3-тармақшасының талаптары сақталмағаны анықталған.  

Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, Түркістан қаласы әкімдігінің "Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған. 

А.Панай,

Түркістан облысы облысы бойынша 

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жетекші маманы 

Шымкенттік шенеунік сотта ақталып шықты
Түлкібас ауданы әкімдігінің Жабағылы ауылдық округ әкімінің аппараты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу