"Облыстық жасөспірімдер үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Oinet.kz 18-06-2023 10567

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан "Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "Облыстық жасөспірімдер үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен  2023 жылдың ақпан айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден тәсілімен жарияланған №59684611 «Персонал/қызметкерлерді оқыту қызметі» мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшеліктерінде әлеуетті өнім берушілерге қойылған талаптарға ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген. 

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша "Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "Облыстық жасөспірімдер үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 39 бабы 3 тармағы 45-тармақшасының талаптары сақталмағаны анықталған.  

Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, "Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "Облыстық жасөспірімдер үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.

Түркістан облысы облысы бойынша 

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 

жетекші маманы Б.Бегімбетов

Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
"№3 Көксәйек арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекеме
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу