Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды
Салтанат Нүкенова өліміне қатысты іс бойынша сотталған Бақытжан Байжанов үкімі кассациялық тәртіпте қайта қаралатын болды. Бұл туралы кассациялық соттар департаменті мәлімдеді.

Іnformburo.kz сайтының мәліметке сәйкес, қорғаушылардың шағымы негізінде Бақытжан Байжанов пен Қуандық Бишімбаев қатысты қылмыстық іс материалдары Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотынен сұратылған.
Қазіргі таңда іс кассациялық сатыда қаралу үстінде. Сот актілері тек Байжановқа қатысты қайта қаралатыны белгілі болды.
Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаев және оның қорғаушыларынан кассациялық шағым түспегені хабарланды.
Кассациялық сот отырысы 14 мамырға белгіленген. Істі кемінде үш судьядан тұратын алқа қарайды.


