«Cordial Turkestan» жоғарғы сападағы жиһаз өндіреді

Oinet.kz 27-10-2019 824

manufacture4.jpg

Түркістан қаласында кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Елбасы әр облыста өзінің даму бағдарламасы болу керек деп тапсырма берген болатын. Соған байланысты мемлекет тарапынан берілген осындай тапсырмалар төңірегінде өз кәсібін ашамын деушілерге берілетін көмек түрлері аз емес.Соның бірі "Атамекен" жобасы. 

Түркістан қаласындағы жасалған жиһаздарға бүгінде көпшіліктің сұранысы жоғары. Мемлекеттік қолдаудың аясында кәсіпорындар соңғы үлгідегі заманиу құрылғылармен жабдықталып, жоғары сапамен жұмыс жасауда. Атап айтар болсақ, Түркістанда орналасқан "Cordial-Turkestan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өнімдерінің жылдан-жылға сапасы артып, өндірісі кеңейіп келеді. Биылғы жылы мекемеге «Атамекен» жобасы төңірегінде серпімділігі жоғары матрастар алуға 300 миллион теңге бөлінді. Негізінен өндіріс орталығы тек қана матрас өндірумен айналыспайды. Бұл жерде өндірілетін ең арзан диван құны 50 мың теңгеге бағаланады екен. Ал басқасы тапсырыс берушінің талғамы мен тапсырысына байланысты.

Қазіргі таңда облыс орталығындағы индустриалды аймақта орналасқан аталған кәсіпорын ортопедиялық матрас, паралон және жұмсақ жихаз шығарумен айналысады. Кәсіпорын басшысы Ходжаахмед Исматуллаевтың айтуынша, бұл кәсіпкерлік нысан 2017 жылы желтоқсан айында индустриалды аймақта ашылды. Кәсіпорын аумағы 3,7 га құрайы. 

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді
Отандық өнімнің келешегі кемел
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу