Отандық өнімнің келешегі кемел

Oinet.kz 28-10-2019 724

Znalezione obrazy dla zapytania просо производство

Ұзақ жылдық тарихы мен терең тамыры бар Түркістан бүгінде көз ілестірмей халқы көбейіп, туризмі жанданып, бизнесі өрбіп келеді. Түркістанның дәл қазіргідей деңгейге жетіп отырғандығы қаладағы тұрақтылықтың, қоғамдық келісімнің арқасы. 

Өз кәсібін ашқысы келетін адамдарды қолдау үшін елімізде «Атамекен» жобасы жасақталған. Жоба қаладағы қаншама бизнес өкілдерін қаржылай қолдап отыр. Соның бірі Бақыткүл Алдабергенқызы. Бақытгүл ханым қазір ұн-жарма өнімдерін өндірумен айналысады. Ол өзінің бизнесіне дән риза. Шағын бизнес иесінің айтуы бойынша өзіміздің өнімді өндіруші кәсіпкерлердің болашағы зор. Өзімізден шыққан өнім, әрине, қашанда жоғары бағаланатыны анық. Себебі біздің елде тек органикалық өнімдер жасалынып шығарылады. Кәсіпкердің келешекте тек қана қала, ел аумағына ғана емес, өз өнімдерін шет елге экспорттауға да ықыласы зор.

Бақытгүл Алдабергенқызына осы жолы "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша тары өндіруге 40 миллион теңге қаражат бөлінбек. 

Естеріңізге сала кетейік, Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында отандық кәсіпорындарға 600 млрд теңге көлеміндегі қолжетімді кредиттің айрықша шарттары қарастырылған.  Бұл бағдарлама  орта және шағын безнес кәсіпорандарына немесе кәсібін енді бастағандарға да арналған.  Бүгін кәсіпкерлер палатасында өткен кеңселік жобасында кәсіпкерлердің бизнес жобалары қаралып, кәсіпкерлер екінші деңгейлі банк өкілдерінен кеңес алуға мүмкіндік алды.  

«Cordial Turkestan» жоғарғы сападағы жиһаз өндіреді
Түркістандық шаруа мал мен буйволдардың жаңа тұқымын өсірмек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу