Рашид Аюпов: «Жастардың идеяларын қолдауға барынша жағдай жасау керек»

Oinet.kz 19-11-2019 917

IMG_20191118_231655_884-1024x683.jpg

Қаладағы жалғыз жер асты өтпе жолы жаңартылып қала халқы бір марқайып қалғаны белгілі. Өтпе жолдың жаңартылуы жеке кәсіпкер Арыстан Сүлейменовтың басшылығымен жүзеге асты. Мұнда алдағы уақытта саудагерлер кәсібьін ашуға жағдай жасалады. Жер ассты жолына бейнекамералар орнатылып орын барлық стандарттарға сәйкестендіріледі.

Жаңартылған орынды тамашалауға барған қала әкімі жастардың өнерін шыңдап,талантын ашуда өзіндік септігін тигізіп, рухани мекеннің мәдени мәртебесін асқақтатып жүрген балалар мен жасөспірімдер орталығының жұмысымен танысты. Әкім өз сөзінде жастарға және олардың идеяларын қолдауға барынша жағдай жасау керектігін баса айтты. Жастар өсіп келе жатқан қаланың негізгі күші болғандықтан, жастарға үміт артып отырған қала әкімінің бұл сөздерінің жаны бар.

Осы мақсатта, жақында жаңа жоба іске асады. Нәтижесінде, аталған ғимаратта жас өнертапқыштар мен ғалымдардың тың дүниелері жарыққа шығып, елімізге танылуына бірден бір мүмкіндік сыйламақ. Егер ойыңызда жүрген және қаланың даму тұрғысына аса қажетті жоба болса, әкімдік тарапынан қолдау тауып, тиісті көмек көрсетілетін болады.

Жалпы\, қазірде тек жастарға ғана емес, кәсібін ашамын деуші тегіс қала тұрғындарына мемлекет тарапынан берілетіни көмек түрлері біршама.

Тұрғындарға жайлы әрі қолайлы ортаны қалыптастыруды мақсат еткен қала әкімі, алда мұндай ерекше жобаларды рухани мекенде ширатуды көздеп отыр.

Дүкендер ашылып, 40 адам жұмыспен қамтылады
«Менің кәсібім» жобасымен үлкен қолдауға ие болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу