Саңырауқұлақ жегенде абай болу қажет

Oinet.kz 23-01-2009 987

44b5bbfe7a726816eb379dabf884e1b9.jpg

Санитарлық індет қызметі облыстағы  ахуалға алаңдаулы. Жаңа жылдың алғашқы күндерінде облыста бір адам құтырудан қаза болған. Отырар ауданының тұрғынын түнде белгісіз жануар қауып алған. Қараңғы болғандықтан оның қандай жануар екенін зардап шегуші байқап үлгермеген. Ал, санитарлық қадағалау қызметінің өкілдері облыста қаңғыбас иттердің көбейіп бара жатқанын айтады. 

 Өңірімізде өршіп тұрған тағы бір  індет - ботулизм. Сиыр жылы басталғанына үш-ақ апта болса да,  осы ауруға шалдыққандардың саны 19-ға жетті.  Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2008 жылы Оңтүстік Қазақстанда ботулизм дерті анықталған 17 адам тіркелген.  «Әсіресе, саңырауқұлақ жегенде абай болу қажет. Бұл өте қиын ауру. Уақтылы емханаға барып қаралмаса ауру асқынып кетіп, өлімге ұласуы мүмкін»,  деп ескертеді Оңтүстік Қазақстан облысының санитарлық індетті қадағалау басқармасының бас маманы Мәриям Сейдалиева. Бұл індет үй жағдайында тұздалған жемістерден туындауы мүмкін. Биылдың өзінде  оңтүстікте ботулизмнің 5 ошағы анықталған. Жуырда ғана  Түлкібас ауданындағы бір отбасының 9 мүшесі зардап шеккен. 45 және 50 жас шамасындағы екі адам қаза болған. 

2009 жылы құрғақшылық болады
Дендросаябақтың сәні кіріп келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу