Әскерилер көмекке жұмылдырылды

Oinet.kz 03-04-2020 573

Screenshot_2.png

Түркістан қаласына әскери күш кіргізілді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жəне Қазақстан Республикасы  Қорғаныс министрінің өкімімен төтенше жағдайға байланысты Түркістан қаласындағы 7 бірдей блок-бекеттің тəртібін күшейту жəне шаҺар аумағын залалсыздандыру жұмыстарына көмек беру мақсатында 35748 əскери бөлімінен 200-ден аса əскери қызметкер және бірнеше əскери техникалар жұмылдырылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бүгіннен бастап қала аумағындағы блок-бекеттердегі төтенше жағдайға байланысты сақтық шаралары мен тыныштықты күзетуге әскери қызметкерлер де атсалысады. Одан бөлек, қала көшелері мен қоғамдық орындарда және аулаларда вирусқа қарсы залалсыздандыру жұмыстарына да қатысады.

Алғашқы күннің өзінде арнайы киім үлгісімен және тиісті құрал-жабдықтармен қамтылған 40 әскери қызметкер залалсыздандыру жұмыстарын бастады.

Түркістан облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Жандос Күлдербаев азаматтарды орын алып жатқан жағдайларға түсіністікпен қарап, дүрлікпеуге шақырды. Мұндай қатаң режимдегі тәртіп төтенше жағдай аяқталғанға дейін жалғасатын болады.

Жалпы облыстың барлық аудан, қалаларында залалсыздандыру шаралары жүргізілуде.

Бүгінгі күні Денсаулық сақтау министрлігінің таратқан мәліметі бойынша Түркістан облысында коронавирус жұқтырған науқастардың саны 16-ға жетті.   


«Еңбек» бағдарламасы аясында 70 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады
Қоғамдық орындарда бетпердесіз жүруге тыйым салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу