Түлкібаста дезинфекциялық кешендер орнатылуда

Oinet.kz 11-04-2020 528

Залалсыздандыру қондырғыларын аудан әкімдігінің қолдауымен жергілікті мамандар қолдан құрастырып шыққан.
Түркістан облысындағы Түлкібас ауданында халық көп жиналатын орындарда және ауруханалардың аумағында дезинфекциялық кешендер орнатылуда. Бүгінде жаңа құрылғы сынақтан өтіп, сала мамандарының қолдауына ие болып отыр

Бұл бүркеу қондырғыларының тиімділігі мол. Яғни, кез келген келуші ғимаратқа кірместен бұрын, осы тоннель арқылы өткізілетін болады. 

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, коронавирус пандемиясының алдын алу мақсатында залалсыздандыру өткелдері Түлкібас ауданындағы 10 мекеменің кіреберісіне осыдан екі апта бұрын орнатылған болатын. Яғни, "ҚазПошта"," Халық банкі", халықтық кеңсе, аудан әкімдігі, аудандық емхана, халықты жұмыспен қамту орталығы, аудандық полиция бөлімі ғимараттарында және Шақпақ бекетінде жұмыс істеп тұр. Аталған залалсыздандыру қондырғыларын аудан әкімдігінің қолдауымен жергілікті мамандар қолдан құрастырып шыққан. Залалсыздандыру өткелі үйшік тәріздес, ішінен адам өтуге ыңғайластырылған.

Алдағы уақытта жаңа құрылғы аудан орталығындағы халық шоғырланатын мекеме алдарына және «Шақпақ» бекетіне лн орналастыру жоспарлануда. Залалсыздандыру өткелі үйшік тәріздес, ішінен адам өтуге ыңғайластырылған. Адам өткен кезде арнайы дайындалған залалсыздандыру сұйықтығын бүрку арқылы автоматты түрде 8 секунд шашып, барлық қатерлі микробты өлтіре алады.

Осындай кешендер алдағы уақытта басқа да аудан- қалалардағы медициналық мекемелер мен адамдар көп жиналатын орындарға қойылатын болады.


Түлкібас ауданында 4000 дана бетперде тегін таратылды
Түлкібас ауданында еріктілер 62 мыңнан астам бетперде тігіп, халыққа тегін таратты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу