Түлкібас ауданында еріктілер 62 мыңнан астам бетперде тігіп, халыққа тегін таратты

Oinet.kz 02-04-2020 469

Жаман дерттің елімізде етек жайуына байланысты барлық өңірлерде медициналық бет пердеге сұраныстын артқаны белгілі. Осы орайда, Түлкібас ауданында медициналық бет перденің тапшылығын жоюға байланысты аудан әкімдігі тарапынан нақты шаралар қабылданып, нәтижелі жұмыстар атқарылды.

Нақты айтар болсақ, аудан әкімдігі ерікті тұрғындармен кәсіпкерлерді және білім ұяларындағы еңбек пәнінің мұғалімдеріне қажетті құрал саймандарын алып беру арқылы бет перделерді тігуді қолға алған болатын. Сол жұмыстың нәтижесін аудан тұрғындары көруде.

Мәселен, ауданда 62 мыңнан астам медициналық бетперде тігіліп, халыққа тегін таратылды. Аудан әкімдігінің бастамасымен қолға алынған шараның мақсаты – бетперде тапшылығын жою. Осыған байланысты әкімшілік тарапынан бетперде тігуге қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, жұмысқа еріктілер тартылды. Бұл игі іске ауыл тұрғындар мен кәсіпкерлер және ұстаздар атсалысты.

Дайындалған бетперделер ауыл тұрғындарына, мектеп қызметкерлері мен оқушыларға және дәріханаларға тегін таратылды. Осылайша еріктілердің белсенді көмегінің арқасында аудандағы бетпердеге деген сұранысты азайып отыр.

Осылайша бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарған түлкібастықтар бірліктің арқасында бетперде тапшылығын шешіп отыр

Түлкібаста дезинфекциялық кешендер орнатылуда
Әжелер қайырымды істің бастамасы болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу